Алматыда көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті

Көпірдегі өрт салдарынан Қарасай ауданында кептеліс болды.

Алматыда көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті
Айдана Дайырова

Алматыдағы Алтын Орда базарының маңындағы көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, жүк көлігі 4 қаңтарға қараған түні сағат 05:27-де өртенген.

«Өрт орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта болған. Көлікте шаруашылық өнімдері мен құрылыс тауарлары өртенген», - делінген хабарламада.

Жүк көлігі иелерінің айтуынша, өрт дөңгелектеп шыққан, яғни техникалық ақаулықтан болған.

Ал төтенше жағдайлар саласы мамандары өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын айтады.

Көпірдегі өрт салдарынан Қарасай ауданында ондаған шақырым көлік кептелісі болды.