Түркияда студенттер Қазақстан туралы кеш өткізді

Қазақстанның өткені мен бүгіні баяндалды

Түркияда студенттер Қазақстан туралы кеш өткізді
Видеодан кадр

Түркияның Ескішехир қаласында оқитын студенттер Қазақстан жайлы кеш өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, Анадолы университетінде өткен шарада еліміздің тарихы туралы сахналық көріністер қойылып, Қазақстанның өткені мен бүгіні баяндалды. Шәкірттер ән айтып, би билеп, ұлттық өнерімізді таныстырды.

Жиын соңында Ыстамбұлдағы Қазақстан сауда және мәдениет орталығының атынан белсенді студенттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Мен осы университеттің экономика факультетінде оқимын. Бүгінгі кеш мен күткеннен де ерекше болды. Бұрын Қазақстан туралы өте аз білетін едім. Бүгінгі кеште тек Қазақстанның тарихы ғана емес, музыкасы, өнері туралы да көптеген жаңа мағлұмат алдым», – деді Чад мемлекетінен келген студент Әли.