2627
Қазақстан шекарасынан 35 мыңнан аса адам заңсыз өтпек болған
Оның ішінде 1094 шетел азаматы бар.
Бір жылда 35 мыңнан аса шекара бұзушы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып шекара кеңістігінде 35 487 заңнамаларды бұзушыны ұстады. Соның ішінде 1094 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 құқық бұзушы тіркелді, соның ішінде:
- 444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
- 389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
- 279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
- 3 112 – 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
- 2 986 – 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 816 – 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
- 3 463 дана (20 276 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
- 45 332 дана (67 899 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
- 23 250 дана (10 238 келі) шаян тұқымдастар.
Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңге болды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.