Туған анасын іздеген қазақ балаға қатысты тағы бір дерек шықты

Жәнібек Қазақстаннан ұшып кетті

Туған анасын іздеген қазақ балаға қатысты тағы бір дерек шықты
Әлеуметтік желіден
2446

Испаниядан анасын іздеп келген қазақ балаға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлады turkystan.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін перзентханаға ұлын тастап кеткен әйел табылған, бірақ ДНҚ сараптамасының алғашқы нәтижесі теріс шыққаны Көреміз бағдарламасында айтылған еді. Дегенмен бұл мәселеге қатысты қосымша тексеріс жүріп жатыр.

Бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізіп жатқан журналистер бала ауыстырылған сияқты деген пайымда. Өйткені перзентхана архивіндегі бүкіл мәліметті растап, қолхат жазғанын мойындаған әйел — Жазира табылған. Ал Жәнібек Жазираның ұлы болмаса, Жазираның өз ұлы қайда?, дейді олар.

"Біз ендігі кезекте, 2002 жылғы қаңтарда, Арқалық перзентханасында босанған әйелдерге іздеу саламыз. Нәресте кезінде бала ауысып кетсе, қазір Жәнібектің туған анасы Жәзираның баласын бағып отыруы мүмкін ғой? Жәнібектің фотосына қарап, туған ата-анасы өзін тануы да мүмкін. Бұл тек болжам", - деп жазды журналист Әсел Асқарқызы әлеуметтік желіде.

Жәнібек Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары редакциясына заң бойынша сенімхат беріп кеткен.

Визасының аяқталуына байланысты Жәнібек Қазақстаннан кетіп қалды.

Серіктес жаңалықтары