Алматы облысында 8 жасар қызды зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Айыпталушы тарап кінәсын мойындамаған
Алматы облысында 8 жасар қызға азғындық жасап зорлады деп айыпталған 44 жастағы азаматқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Зәбір көрді деген қыздың жеке басының қауіпсіздігі үшін тыңдалым жабық режимде қаралды. Ал қыздың әжесі айыпталушы тарап кінәсын мойындамай отыр деп ашулы.
Алматы облысындағы аса ауыр қылмысты қарайтын мамандандырылған соттың бұл іске қатысты алғашқы отырысы 27 қарашада басталған. Арызданушы тараптың айтуынша, ауыр қылмыс 6 рет қаралып, тергеуші барлық деректі жинаған. Алайда соттың алғашқы отырысында күдікті өзін агресивті ұстап, айыппен келіспеген екен.
Менің кішкентай 8 жастағы қызыма зорлық жасаған. Бір мәрте емес. Дәлелденді. Әр үйде осындай жағдай болуы мүмкін. Кішкентай балаға обал болмаса екен деймін, – деді зардап шегушінің әжесі.
Жеті ай бұрын 8 жасар қызды азғындықпен зорлады деп айыпталған адамға қатысты сот үкімі шықты. Алматы облысының кылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ал қылмыскер деп танылған азаматтың жерлестері оның ауылдан көшуін талап етіп отыр.
Иә сотқа шақырылдым. Талдықорғандағы облыстық сотқа да бардым. Бәрін айттым. Оның үйінің қасынан күніне мың оқушы өтеді. Немереміз өсіп келе жатыр. Азғындықты естіп, шошып қалдық, – деді арызданушының көршісі Зәуре Әбдіғаниева.
Айта кетсек, биыл 17 мамырда Есік қаласының Көктөбе аулында қыз зорлады деген айыппен сол ауылдың тұрғыны қамауға алынған болатын. Қазір сот үкімі толық күшіне енген жоқ. Себебі сотталушы тарап істі 15 күннің ішінде қайта қарауға арыз беруге құқылы екен.