жұма, 11 сәуір, 2025

Маңғыстау облысында отшашудан үш адам зардап шекті

/
egemen.kz
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады

Маңғыстауда отшашудан үш адам зардап шекті. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, оның біреуі — ересек адам және екеуі – бала, деп жазды turkystan.kz.

"Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде, 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған. Отшашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі – ересек адам, екеуі – кішкентай бала", - делінген баспасөз хабарламада.

Бөлісу: