2466
Жапонияда жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 24-ке жетті
Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл болды
Жапонияның орталығындағы Ното түбегі мен оның маңындағы аудандарда болған зілзаладан 24 адамның қаза тапқаны расталды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл болды.
"Көліктердің Ното түбегінің солтүстік бөліктеріне өтуі өте қиын", - деді премьер-министр Фумио Кишида баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол үкімет кемелер арқылы көмек жеткізуді үйлестіріп жатқанын айтты.
Сондай-ақ 1000-ға жуық құтқарушы көмек көрсету жұмыстарына қатысуда.