Бүгін екі мегаполисте ауа ластанады

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Бүгін екі мегаполисте ауа ластанады
Ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 қаңтарда Шымкент және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.