Қазақстанда жеке куәлік пен паспорт жасату қымбаттайды

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты құжат рәсімдеу кезінде төленетін мемлекеттік баждың мөлшері де көтеріледі

Қазақстанда жеке куәлік пен паспорт жасату қымбаттайды
Ашық дереккөз
1924

Қазақстанда 2024 жылдан бастап құжат алу бағасы өседі, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірінші қаңтардан бастап елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құрайды. Осыған байланысты құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де өседі.

Келесі жылы қазақстандықтар жеке куәлікті 738 теңгеге (0,2 АЕК), 36 беттен тұратын стандартты паспортты 29 536 теңгеге (8 АЕК) жасатады. Ал 48 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж мөлшері – 44 304 (12 АЕК).

Серіктес жаңалықтары