Танымал блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы 2 отбасыға көлік табыстады

Көлік 4 балалы және 6 балалы отбасыға берілді

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы 2 отбасыға көлік табыстады
Видеодан алынған кадр

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы 2 отбасыға көлік табыс етті, деп жазады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Өзімнен өзім шаршау басып жүрмін. Бірақ бастаған істі әдемі аяқтау керек, қос көлікте нағыз өз иелерін тапқандай, келісесіз бе? Бірі 4 балалы отбасы, бірі 6 балалы отбасы. Алла көлік бұйыртыпты, берекелі болсын, көп ұзамай өз үйлеріңіз болып, қоныс той тойлаңыздаршы деп тілеймін! Қос көлікті иелеріне табыстап мойынымнан ауыр жүк түсті! 2023 жылдың нүктесін әдемі қойып, 2024 жылға шүкіршілікпен үлкен арманға нық сеніммен адымдап аттап кіріп барыңыздар", - деді ол.