2023 жылдың үздік футбол бапкері анықталды

Ол 281 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озып кеткен

2023 жылдың үздік футбол бапкері анықталды
globallookpress.com
1468

Испаниялық жаттықтырушы Хосеп Гвардиола 2023 жылғы үздік клубтық бапкер атанды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Манчестер Ситидің" бас бапкеріне мұндай атақты Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) беріп отыр.

Ол 281 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озып кеткен. Сонымен қатар үздік үштікке Карло Анчелотти ("Реал", 56) және Лучано Спаллетти (бұған дейін "Наполиді" баптаған, 53) енді.

Рейтингте одан кейінгі орындарға Симоне Индзаги (51), Фернандо Диниз (33), Микель Артета (30), Хави (26), Анге Постекоглу (12), Унаи Эмери (8) мен Юрген Клопп (6) жайғасты.

2023 жылы Пеп баптайтын "Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында, ағылшын Премьер-лигасында, Англия кубогында, УЕФА-ның Суперкубогы мен клубтық әлем чемпионатында үздік шықты.

Серіктес жаңалықтары