Астанадағы дәмханалардың бірінде 37 адам астан уланды
Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр
Астанада «Okadzaki» мейрамханаларының бірінде тамақтанған 37 адам өзін жайсыз сезініп, қатты ұшынған. Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Іле-шала қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс басталғанын хабарлады. Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Okadzaki» мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсан айында болды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны - 37 адам. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, - деп мәлімдеді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.