Ақмола облысында көлік мұз астына түсіп кетті

Құтқарушылар дереу шақыру орнына шығып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды.

Ақмола облысында көлік мұз астына түсіп кетті
Фото: видеодан кадр: instagram.com/aqmola_tjd

Ақмола облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Ақмола облысында Қоржынкөл көлінде балықшылар Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігімен жартылай мұз астына түсіп, суға батып кете жаздаған. Құтқарушылар дереу шақыру орнына шығып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды.

Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырды.