Жаңа жылды қызыл түсті киім киіп қарсы алу керек – дизайнер

2024 жылы сәнде болатын түс­тер­ге келер болсақ, қызыл, ақ, қара,қою жа­сыл түстер сәнде болады.

Жаңа жылды қызыл түсті киім киіп қарсы алу керек – дизайнер
3631

Жаңа жылды қызыл түсті киім киіп қарсы ау керек. Мұндай пікірді бүкіл әлем дизайнерлері айтып жатыр. Неге десеңіз, осы жыл қы­зыл түс сияқты жарқыраған жар­қын, қуанышқа толы болады. 

Жалпы, қызыл түстің өзі кез келген қыз-келіншекке де, ер адамға да жараса ке­теді. Өйткені бұл – бейтарап түс. Әрі жаңа жыл мерекесін сезіну үшін түрлі жыл­­­тырақ маталардан тігілген киім­дер­ді киюге болады өйткені жылтырдың өзі жаңа жыл атмосферасын сездіреді. 
Ал 2024 жылы сәнде болатын түс­тер­ге келер болсақ, қызыл, ақ, қара,қою жа­сыл түстер сәнде болады. 
Енді әр адамның өз дене бітіміне, бол­мысына қарай киінсе, сол – ең сәндісі болады. 
Түрлі пайетка матадан тігілген бел­дем­шелер, кең балақ джинса шалбарлар, кең ақ жейделер,түрлі көлемдегі гүлдер, ак­сессуарлар, киімге сән беретін түй­реуіш­тер сәнде болады. 
Сырт киімдерге тоқталсақ, түрлі тон­дар танымал болады. Көктемде тері­ден тігілген күртешелер сәнге енеді. Нақ­ты айтсақ, oversize, кең пішілген киім­дер әлі де дүкен сөрелерін жаулай­тын болады.

 

Серіктес жаңалықтары