Ақтауда бас шыршаны жел ұшырып әкетті (ВИДЕО)

Жел басылған соң мамандар шыршаны қайта орнатады.

Ақтауда бас шыршаны жел ұшырып әкетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Құрылым екпінді желге төтеп бере алмай, жерге құлаған. Оқиға куәгерлері Ақтаудағы амфитеатр жанындағы жағалауға құлаған шыршаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтаулықтар түсірген кадрларға қарағанда, бұл сәтте шыршаның айналасында адам болмаған. Ешқандай зияны жоқ, деп жазды Zakon.kz.

Ақтау әкімдігінің хабарлауынша, жел басылған соң мамандар шыршаны қайта орнатады.

«Амфитеатр аумағының айналасында құрылыс алаңдары немесе ғимараттар болмағандықтан желдің екпіні қатты сезіледі. Шырша орнату кезінде барлық техникалық талап  орындалды. Мердігер шыршаны қайта орнату жұмыстарын кейін жүргізеді. Ауа райы тұрақталды, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.