Қолайсыз ауа райына байланысты екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» және «Қарабұтақ-Комсомол» тас жолдарының бірнеше учаскесінде көлік кептелісі байқалады.
28 желтоқсанда кешке Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жетісу облысында тұман мен көктайғақтың салдарынан «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар тас жолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» және «Қарабұтақ-Комсомол» тас жолдарының бірнеше учаскесінде көлік кептелісі байқалады.
«Қазақстанның барлық аймағында жаңбыр мен қар түріндегі антициклді циклон өз ықпалын сақтайды. Боран, көктайғақ және екпінді жел де болады деп күтіледі. 29 және 30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп болжанады», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.