«Үнсіздікті тоқтатайын»: Бишімбаевтың бірінші әйелі Салтанат Нүкенованың өлімі жайлы

Ол Салтанатпен жеке таныс болмағанын айтып, бірақ балалары оны жарқын жүзді, қайырымды әрі өте ақкөңіл адам ретінде танығанын атап өтті.

«Үнсіздікті тоқтатайын»: Бишімбаевтың бірінші әйелі Салтанат Нүкенованың өлімі жайлы
ratel.kz
32044

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді.

«Мен үнсіздігімді қойып, пікір айтайын деген шешім қабылдадым. Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға және маған не болып жатқанын түсіну үшін уақыт керек болды.

Балаларым және мен Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен Салтанатпен жеке таныс емес едім. Алайда балаларым онымен дос болып, Салтанатты ашық-жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады» деп жазды Назым Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол балаларының оқиғаны қалай қабылдағанын айтты.

«Бұл нәрсені балаларымның ең жақыны, тірегі, қолдаушысы болуы керек адам жасағаны ауыр тиді. Қорқынышты, ұят әрі қатты қиын.  Балаларым басынан өткерген қиыншылық, әрине, Салтанаттың туыстарының азабының жанында түк емес. Бірақ балаларымның жақсылық пен мейірімнің жағында болатынына сенемін» деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Естеріңізге салсақ Назым Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл болған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Серіктес жаңалықтары