«Өз түрімнен ұяламын»: ақтаулық түкті баланың қазіргі жағдайы белгілі болды

Бекзаттың қазіргі ахуалы көпшілікке мәлім болды.

«Өз түрімнен ұяламын»: ақтаулық түкті баланың қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: видеодан алынған
1799

Осыдан 9 жыл бұрын түктi бала ретінде елге есімі тарап кеткен Бекзаттың жасы бүгінде 20-ға келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Алайда бозбаланың қазіргі жағдайы аса мәз емес, өзі қатты күйзеліске түсіп кеткен, деп жазды Aikyn.kz.

Түкті баланың беті толған безеу. Үлкен ісіктен бір көзінің көруі де нашарлаған. Елдің көзіне түсуден ұялатын көрінеді. «Астарлы ақиқат» бағдарламасына әкесімен бірге келген Бекзаттың қазіргі ахуалы көпшілікке осылайша мәлім болды.

«Бала туғаннан терісі түкті болды. Өсе келе балалар мазақтайтын болды. Сөйтіп, ортадан шеттетіле бастады. Бұдан кейінгі бала да үйден оқи бастады. Жасы 11-ге толғанда баланың басында ісік бар деп айтты. Дәрігерлер миллиардтан бір бала бұлай туылады дегенді жеткізді. Көп жерге көрсеттік. Ақылы дәрігерге де бардық. Диагноз қоя алмады», - дейдi әкесі Ұзақбай Хожаев қиналып.

Бекзаттың өзі де ішіндегі сырын ақтарды.

«Өз түрімнен ұяламын. Бәріне шыдап келдім. Бала күнімнен мазақтайтын. Бетіме қара бетперде ғана тағып шығамын. Ортадан, қоғамнан шеттетілдім десем болады. Оку оқып, жұмыс істесем деп ойлаймын. Безеу 16 жастан бастап шықты. Асқынып, көбейіп кетті. Безеу iрiңдеп шығады», - дейді ол.

Бүгінде Бекзат осы жағдайы үшін ата-анасына ренжулі көрінеді. Әкесі 15-16 жасынан бастап ара-қатынасымыз нашарлап кетті дейді. 20 жастағы жiгiт бағдарлама барысында түрін жасырған бетпердені шешіп, көпшілікке жүзін көрсетті.

 

Серіктес жаңалықтары