Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

ТМД аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
1255

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Жиын барысында ТМД елдерінің көшбасшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарын талқылады. Сондай-ақ ТМД аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары