Қостанай облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға ескерту жасады

Қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрі үшін жабық.

Қостанай облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға ескерту жасады
Фото: видеодан кадр
1100

Қостанай облысының полиция қызметкерлері қазақстандықтарға видео үндеу жолдап, қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz Telgram-каналына сілтеме жасап.

«Жолда төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушыларынан, атап айтқанда жүргізушілерден төтенше жағдай хабарламаларын ескеруді, алыс сапарға шықпауды және автокөліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрі үшін жабық.

Бүгін облыс орталығында 10 автокөліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы болып, оқиға орнынан ауруханаға 1 адам жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары