873
Ауа райына байланысты 8 облыста 46 жол учаскесі жабылды
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Ауа райына байланысты еліміздің 8 аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«26 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, шектеулі көрініс)», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.