694
Алматыда көлігін безендіргендер жауапқа тартылды
Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.
Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері темір тұлпарларын безендіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша құқық бұзған. Сондай-ақ олардың әрекеттерінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері анықталды», - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.