Қостанайда ірі жол апаты: бірден 10 көлік соқтығысты

Оқиға орнынан ауруханаға 1 адам жеткізілді.

Қостанайда ірі жол апаты: бірден 10 көлік соқтығысты
egemen.kz

Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысты, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының полицейлері қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертеді.

«ПД жолда төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушыларынан, атап айтқанда жүргізушілерден ТЖ хабарламаларын ескеруді, алыс сапарға шықпауды және автокөліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.
 

Республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрлері үшін жабық.

Бүгін облыс орталығында 10 автокөліктің қатысуымен жаппай ЖКО болып, оқиға орнынан ауруханаға 1 адам жеткізілді.