Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді?

«Жаңа жыл түні» атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді?
kazaknews.kz

Жаңа жыл түнінде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елордамыздың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Жаңа жыл түні» атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

«Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары – Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанабілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, «Килиманджаро» тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртістер қатысады», – делінген хабарламада.

Сағат 23:45-те ЭКСПО алаңынан «Jibek Joly» телеарнасы тікелей эфирге шығады. Тікелей эфирде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтауы көрсетіледі және мерекелік бағдарлама болады.

Сонымен қатар 31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр. Басталуы сағат 21.00-де. Жарысқа қатысуға старт пакеттері 31 желтоқсан сағат 20.30-дан бастап беріледі.