Еліміздің бес өңірінде республикалық 12 жол жабылды

Жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.

Еліміздің бес өңірінде республикалық 12 жол жабылды
Фото: qaz.ulysmedia.kz

Қолайсыз ауа райына байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар 12 жол жабылған.

«2023 жылғы 25 желтоқсанда сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (көктайғақ, тұман, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді. Жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.