«JOLTAP» жобасы: елорданың бес мыңнан астам тұрғыны көмек алды

«JOLTAP» жобасы елорда әкімдігінің бастамасы болып табылады.

«JOLTAP» жобасы: елорданың бес мыңнан астам тұрғыны көмек алды
Астана әкімдігі

Биыл қыркүйек айынан бастап елордада «JOLTAP» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

«Баршаға Мүмкіндік»10 модульдік пунктінде қала тұрғындары 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар жұмысқа орналасуға және 12 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазыла алады.

Жоба елорда әкімдігінің бастамасы болып табылады.

Ол қала тұрғындарына жұмыспен қамту шараларымен қамту арқылы кірістерді арттыру мүмкіндігімен жәрдемдесуге бағытталған.

Жұмыссыздарға, NEET жастарына, ішкі мигранттарға, халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарына көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Жоба белсенді тәсілдерді бірінші орынға қойып, 3 жыл ішінде іске асырылатын болады.

Жоба басталғалы 4 айда 5 400 азамат көмек алды. Атап айтқанда, 850 адам әкімдік басқармаларына микробизнес ашу үшін гранттар мен микрокредиттер алуға өтінім берді. «JUMYS TAP» Telegram-боты және жоба серіктестеріне тікелей жолдама арқылы 750-ден астам қала тұрғыны жұмысқа орналастырылды.

Жоба аясында 2 қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы іске қосылды.

Бірінші бағдарлама наубайшы, бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші сияқты жұмыс мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды қамтамасыз етуге арналған. Екінші бағдарлама-« Freelance Mumkindik». Бұл цифрлық дағдыларды оқыту: таргет, SMM, бейнемонтаж, маркетплейстер, мобилография, графикалық дизайн және веб-дизайн.

«Аталған бағдарламалар бойынша жыл соңына дейін 700 адам білім алып, оларға сертификат беріледі. Үш жыл ішінде 30 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасу дағдыларын игереді», – делінген хабарламада.

Жобаның бірлескен операторы «Жаңа сезім» қоғамдық қоры. Жоба бизнес өкілдері мен жұртшылық арасында кең қолдау тапты.

Тегін консультациялар «Баршаға жұмкіндік» модульдік пункттерінде мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

«Mechta» СҮ Сығанақ көшесі, 3
«Big Шанхай» Алаш тас жолы, 32а
«Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31
«Ailand» СОО Қорғалжын тас жолы, 2
«Тұлпар» со Ш. Уәлиханов көшесі, 24
«Euromall» СҮ Қосшығұлұлы көшесі, 24
«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5
«Magnum» супермаркеті Еділ көшесі, 26
«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34
«Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21ТД
Модульдік пункттер күн сайын және демалыс күндерінсіз жұмыс істейді.