Алматыда балалар арасында сирек кездесетін ауруларды емдейтін орталық ашылды

Елде орфандық дертке шалдыққан 40 мыңнан астам балдырған бар.

Алматыда балалар арасында сирек кездесетін ауруларды емдейтін орталық ашылды
ашық дереккөз
921

Алматыда балалар арасында сирек кездесетін ауруларды емдейтін арнайы орталық ашылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Almaty арнасының мәліметінше, онда науқастарға жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде елде орфандық дертке шалдыққан 40 мыңнан астам балдырған бар. Ал жаңадан құрылған орталық республика бойынша жұмыс істейтін болады. Ауруханада ашылған бөлімшеде, одан бөлек, бұлшықеттің невралогиялық сырқаты мен дистрофиясы сынды ауруларды да емдейді

«Баланың ары қарай өсіп өнуіне, әлеуметтік тұрғыда басқа балалармен бірге бір қатарда өсуін қадағалайды. Бұл жерде балалардың емдеу жолдары басқа ауруларға қарағанда ерекше», – деді С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ақсай» балалар орталығының бөлім меңгерушісі Мадина Жақсыбек.

Серіктес жаңалықтары