«Гипноздап тастаған»: шымкенттік қариялар алаяққа алданып қалды

Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласқан.

«Гипноздап тастаған»: шымкенттік қариялар алаяққа алданып қалды
polisia.kz
876

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін берген, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, алаяқтықтың құрбандары 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

«Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен «қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны» сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге», – делінген хабарламада.

Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипнозды қолданған. Өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді.

«Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектесті. Ұсталған азаматша мегаполисте алаяқтық жасауға бел буған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты», – делінген хабарламада.

Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған.

 

Серіктес жаңалықтары