Иттің орнын қаз алмастырады: Бразилиядағы түрме ерекше күзет әдісін енгізді

Құстар Пиу-Пиу атты көшбасшының басшылығымен топ болып жұмыс істейді.

Иттің орнын қаз алмастырады: Бразилиядағы түрме ерекше күзет әдісін енгізді
сурет: REUTERS / Anderson Coelho

Бразилия түрмесін енді ит емес, қаз күзететін болады. Себебі олар тұтқындар қашып кеткен жағдайда, қатты белгі бере алады екен, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Құстар Пиу-Пиу атты көшбасшының басшылығымен топ болып жұмыс істейді.

Олар белгіленген аумаққа баяу барлау жасап, төңіректі мұқият бақылайды.Түрме әкімшілігі қаздар иттерге қарағанда сергек, ал оларды ұстау да арзан деп санайды.