Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері тұрып қалды
Бұл шаралар ағынды тиімді басқару және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданады
"Ақ-тілек — автожол" өткізу пунктінің алдында мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде көлік құралдары жиналып қалды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 468 жеңіл және жүк автокөлігінің жинақталуы Қырғызстаннан Қазақстан мен басқа елдерге жүк ағынының күрт артуымен байланысты. Жамбыл облысындағы ауа райы уақытша жақсарғандықтан, бәрі жолды өндіріп алуды көздеген көрінеді.
Қозғалыс шектеулері не себепті енгізілді
22 желтоқсан сағат 21:00 жағдай бойынша, 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Бұл шаралар ағынды тиімді басқару және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданады.
Жағдай мұқият бақылауды қажет етеді және қауіпсіздік органдары көлік қозғалысын қалыпқа келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, шекараны бақылауды жалғастырады.