«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Өртті сөндіруге 66 адам жұмылдырылды

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынан өрт шықты
Ашық дереккөз

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда орталығында трансформаторлық қосалқы станция мен кабельді шахта өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрттің таралу қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Адамдар эвакуацияланған, зардап шеккендер жоқ.

Өрт орнында жеке құрамның 66 адамы және Астана қаласы ТЖД 14 техникасы өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеуде.