Салық төлеуден жалтарған қазақстандық Камеруннан экстрадицияланды

Ол 720 млн теңге сомасынан астам салық төлеуден жалтарған

Салық төлеуден жалтарған қазақстандық Камеруннан экстрадицияланды
Видеодан алынған кадр
950

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстанның Құрметті консулының көмегімен Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңге сомасынан астам салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінді. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Ағымдағы жылдың маусым айында ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары