Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Falcons тобында Сорана Кырстя, Сумит Нагал және Тейлор Фрицпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Фото: Sports.kz

Қазақстандық Уимблдон 2022 чемпионы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасының (WTL) көрме турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Румыниялық спортшы Сорана Кырстямен бір жұпта болған Рыбакина Ига Шветек – Каролин Гарсия дуэтін 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 38 минутқа созылды. Содан кейін жекелей сында әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті ұтты.

Қазақстандық теннисші Falcons тобында Сорана Кырстя, Сумит Нагал және Тейлор Фрицпен бірге өнер көрсетіп жатыр.