Павлодар облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Жол апаты 19 желтоқсанда болған.

Павлодар облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
polisia.kz

Павлодар облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, ВАЗ-21093 маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Жол апаты 19 желтоқсанда Екібастұз - Батыр бақылау пункті автожолының 18 шақырымында болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Алайда, жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды», – деді департаментте. 

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.