1034
Абай облысында қатты жел жүк көлігін аударып тастады
Тәртіп сақшылары жүк көлігін жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.
19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай трассасының 913 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді», – делінген polisia.kz сайтының хабарламасында.
Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.
Шетелдік полицейлерге ризашылығын білдірді.