«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

5 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
unsplash

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштерді қарау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтады.

Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді.

Жоба мақсаты - белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау. Біздің міндетіміз – жас қазақстандықтардың бастамаларын және олардың эксклюзивті жұмыстарына қолдау көрсету, - деп атап өтті Аида Балаева.

14-35 жастағы қатысушылардың конкурстық өтінімдері 15-18 желтоқсан аралығында қаралды. 5 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Өтінімдер 26 қыркүйек пен 26 қараша айларында қабылданды. Жалпы алғанда, 1 154 жоба қаралып, оның ішінде 85-і – «Ғылым», 140  – «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар»  – 127, 462 – «Бизнес» және 102 - «Медиа» саласы бойынша. 238 өтінім конкурстық талапқа сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді.

2023 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлерінің тізімі: 

«Наука»/ «Ғылым»

БЕКЖАНОВА Данагүл Бекболатқызы

СЕРІКБАЙ Арайлым Талғатқызы

РАЙЫМБЕКОВ Еркебұлан Батырбекұлы

КАЙРАНОВА Гүлзат Қанатқызы

БЕКТУРГАНОВ Маулен Бахытбекович

ЕРКИБАЕВА Жамиля Умурзаковна

 «Культура» / «Мәдениет»

АБДРАХМАНОВА Адель Дулатовна

ПОЛАТОВА Айнура Жумабекқызы

ДОСМУХАМБЕТОВА Арай Азаматовна

ХУДЯКОВА Екатерина Сергеевна

КИМРАН Раушан Жеңісқызы

ҚАДЫР Арайлым Ибрагимқызы

 «Информационные технологии» / «Ақпараттық технологиялар»

САРИЕВ Бакытжан Исмаратулы

АБИЛЬДИНОВА Сания Куанышевна

ТӘЖІХАН Қанат Алтынханұлы

САГАШ Аргын Серикулы

БИІМБЕТ Нұрлан Қанатұлы

СУЛЕЙМАНОВА Алуа Еркінқызы

 «Бизнес»

АЙМЕТОВ Бехруз

БЕКСЕИТОВ Даурен Сейтжанович

БОЛТЕКОВА Гүлсара Тойлығүлқызы

КУШЖАНОВА Арсена Улановна

ПИЛИПУШКО Ярослава Юрьевна

КРАВЧЕНКО Анастасия Игоревна

 «Медиа»

МАРАТҰЛЫ Алмас

АУЕСХАНОВА Алиман Қадырханқызы

ШАРАП Ислам Ғаниұлы

ДУЙСЕКОВА Жупар Темиржановна

ЕРАЛИЕВ Ерлан Батырбекович

САТТАРОВ Шалқар Айдарұлы