Қызылорда облысындағы мектептерде жалған дипломмен жұмыс істеген адамдар анықталды

Қызылорда облыстық прокуратурасы орта білім мекемелерінде тексеру жүргізуде.

Қызылорда облысындағы мектептерде жалған дипломмен жұмыс істеген адамдар анықталды
Ашық дереккөз
1604

Қызылорда облысындағы мектептерде педагогтардың жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы орта білім мекемелерінде тексеру жүргізуде.

Алғашқы тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталған.

Кей мектептерде бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған.

Жұмыс істемейтін бейнекамералар бар. Салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді.

«Информатика сабағында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген. Ал 26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактісі анықталып, сотталған және медициналық мекемелердің „Д“ есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Педагогтардың жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан. 

Серіктес жаңалықтары