Шымкентке қатынайтын барлық әуе рейсі кешігуі мүмкін

Әуекомпания Шымкент қаласының әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын қалтқысыз қадағалап отыратынын мәлімдеді.

Шымкентке қатынайтын барлық әуе рейсі кешігуі мүмкін
Фото: mail.kz

Шымкентте қолайсыз ауа райына байланысты барлық әуе рейсі кешігуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.

FlyArystan әуе компаниясы баспасөз қызметі осы жайтқа қатысты түсінік берді.

«Ауа райы және алдағы болжамдар Шымкент қаласының әуежайында ұшақтардың ұшуы мен қонуын орындауға мүмкіндік бермей тұр», - делінген хабарламада.

Әуекомпания Шымкент қаласының әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын қалтқысыз қадағалап отыратынын мәлімдеді.

FlyArystan болған жағдай әуе компаниясының кінәсінен еместігіне қарамастан, жолаушыларға мынандай қызметтер ұсынады:

  1. Рейс екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға алкогольсіз сусындар ұсынылады.
  2. Рейс төрт сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ ұйымдастырады.
  3. Рейс 5 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушылар орын болып жатса, алдағы рейске бір тегін қайта брондау жүзеге асыра алады немесе тариф ережелеріне сәйкес, билет құнын толықтай қайтара алады. 

«Сусындар мен тамақтану мәселелері бойынша жолаушылардан әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз. Жолаушыларға билетті брондау кезінде көрсетілген нөмірге шұғыл жолданатын хабарламаларға мұқият болуды ескертеміз», - делінген хабарламада.