«Ешкімнің басына бермесін»: марқұм Арман Дүйсеновтың жары жазба жариялады

Ол композитордың дүниеден өткеніне бір жылға жуық уақыт өткен кезде өнер иесінің парақшасын жүргізуді жөн көрген.

«Ешкімнің басына бермесін»: марқұм Арман Дүйсеновтың жары жазба жариялады
Фото: ашық дереккөз
4427

Композитор, марқұм Арман Дүйсеновтің жары әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz

Ол композитордың дүниеден өткеніне бір жылға жуық уақыт өткен кезде өнер иесінің парақшасын жүргізуді жөн көрген. Композитордың жары оқырмандардан қолдау білдіруін сұрады.

 «Ардақты ағайын! Біздің әулетіміздің ғана емес, тұтас елдің сүйікті перзентіне айналған Арман Дүйсеновтей азаматтың дүниеден көшкеніне жылға толуға айналды. Осы бір жылдың біздің отбасымыз үшін қаншалықты мұңлы, қаншалықты ауыр болғанын айтып жеткізу қиын. Әкесін іздеген ұл-қызыңның жәудіреген жанарына шарасыз күйде қараудан ауыр не бар? Осы қайғыны жан-жүрегімен сезініп, біздің қайғымызды бөліскен қалың жұртқа Алла разы болсын! Мұндай сынақты енді ешкімнің басына бермесін. Арманның асыл бейнесі, аңқылдаған ақ жүрегі, әсем әндері талайдың жанын баурағаны сөзсіз, оны елдің іздейтіні де содан болса керек. Оның әлеуметтік желідегі парақшасын өшірмеуімізді, қайта оны тұрақты жүргізуімізді өтініп сұраушылардың да қарасы қалың. Арманның екінші өмірі жалғасқанын, оның елімен бірге жасағанын біз де қалаймыз. Сондықтан Арманның әлеуметтік парақшасын қайта жаңғыртқанды жөн санадық. Мұнда Арманның әндері, композициялық шығармалары, жасаған бағдарламалары жарияланады. Бұл жұмыстарға сіздердің де көмектеріңіз тиеріне сенеміз. Осылайша Арманның асыл бейнесі бәрімізбен бірге жасайтын болады. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін», - деп жазды ол марқұм күйеуінің Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары