1593
Көктайғақ,боран: Еліміздің үш өңірінде жолдар жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 159-238 шақырым аралығы жабық, Кенен ауылынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін - 79 км;
Жетісу облысында екі жол учаскесі (223 км):
- «Үшарал-Достық» тас жолы, 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км;
- «Алматы-Өскемен» тас жолы, 287-410 км, Талдықорған қаласынан Сарқанд қаласына дейін.
Қызылорда облысында "Самара-Шымкент" тас жолының 1361-1650 шақырым арылығы жабық, Арал қаласынан Босмандық ауылына дейін - 289 км;
«Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.