Жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі табылды

Жас жігітті іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы мен берілген күштер бағытталған.

Жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі табылды
ашық дереккөз

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері елорданың хабар-ошарсыз кеткен тұрғынының орналасқан жерін анықтады.

«Астана қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі кентінде компьютерлік клубта хабар-ошарсыз кеткен астаналықты анықтады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін «Байқоңыр» ауданы ПБ-на елорда тұрғыны жүгініп, жалға алынған «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлікпен үйден жеке тасымалдаумен айналысуға кеткен 18 жасар ұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш білдірген болатын.

Жас жігітті іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы мен берілген күштер бағытталған. Адамдардың жаппай шоғырлану орындары, жатақханалар мен қонақ үйлер тексерілді. Хабар-ошарсыз кеткен адамның араласатын ортасы орнатылды, бейнебақылау камералары қаралды. Тексеру барысында оның Астана қаласынан Қарағанды қаласына шығып, кейін Алматы облысына келгені анықталды.