Шымкент фосфоршылар сарайында қайғылы жағдай болды

Оқиға болғанға дейін ғимараттың айналасында ескерту таспалары тартылып, полиция патрулі жақын жерде кезекшілік еткен.

Шымкент фосфоршылар сарайында қайғылы жағдай болды
Фото: kz.otyrar.kz
1400

Шымкентте фосфоршылар сарайының үшінші қабаты құлап, бір адам үйінді астында қалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Өкінішке қарай, бүгін «Фосфоршылар» сарайында қайғылы оқиға болды. Бірнеше студент «Фосфоршылар» сарайына кірген. Алдын ала ақпарат бойынша, жігіттердің бірі екінші қабатқа көтерілген, онда ішкі құрылымның бір бөлігі құлап, үйінділердің астында қалған. Арнайы техниканың көмегі және құтқарушылардың күшімен жас жігіттің денесі үйінділерден шығарылды. Марқұмның отбасына көңіл айтамын», - деп жазды Ғабит Сыздықбеков.


Оқиға болғанға дейін ғимараттың айналасында ескерту таспалары тартылып, полиция патрулі жақын жерде кезекшілік еткен. Бұл шаралардың барлығы апаттың алдын алу мақсатында жасалған. Қазіргі кезде аталған ғимараттың аумағы бойынша полиция экипаждарынан посттар қойылды.



«Ата-аналарды бос тұрған объектілерге, сондай-ақ құрылыс, қайта құру сатысындағы нысандарға бару қаупі туралы балаларға дұрыс кеңес беруге шақырамын», - деді әкім.
 

Серіктес жаңалықтары