Қостанайда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Оқиға 17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында болған.

Қостанайда жол апатынан екі адам қайтыс болды
Фото: didar-gazeti.kz
983

Қостанай – Сарыкөл тасжолында, Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында болған.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі адамның өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары