836
Қорғаныс министрлігіне БҰҰ өкілдері келді
Тараптар БҰҰ-мен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы және алдағы даму бағыттарын талқылады.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов БҰҰ ұйымы Бас хатшысының заң үстемдігі және қауіпсіздік мекемелері жөніндегі көмекшісі Александр Зуев бастаған делегациясымен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы және алдағы даму бағыттарын талқылады.
Қазақстанның бітімгерлік бастамаларын іске асыру мәселелері, дағдарыстық жағдайды бейбіт жолмен реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған БҰҰ-ның жобаларын қолдау тұрғысынан өзара іс-қимыл перспективалары да жеке талқыланды.