Шавкат Рахмонов UFC 296 жеңісі үшін қанша алғаны белгілі болды

Бұл айқас үшін Шавкат Рахмонов — 306 мың доллар алды.

Шавкат Рахмонов UFC 296 жеңісі үшін қанша алғаны белгілі болды
matchtv.ru
864

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

MMA Salaries мәліметінше, бұл айқас үшін Шавкат Рахмонов карьерасындағы ең үлкен гонорар — 306 мың доллар (150 мың доллар — жекпе-жекке шыққаны үшін, 150 мың доллар — жеңгені үшін, тағы 6 мың доллар — демеушілердің бонусы) алды.

Дегенмен оның қарсыласы көбірек гонорар алды. Стивен Томпсонның гонорары 416 мың доллар болды (400 мың доллар — күреске шыққаны үшін, 16 мың доллар — демеушілердің ынталандыру сыйлығы).

Айта кетейік, UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раунд соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл — Шавкаттың промоушн айқастарындағы алтыншы жеңісі. Бәрін уақытынан бұрын жеңіп келе жатыр. Сөйтіп, ол UFC тарихына енді.

Серіктес жаңалықтары