Қостанай облысында 35 млн теңгенің малы жоғалып кеткен

Жеті сағатқа созылған іздеуден кейін Ақкөл ауылының маңынан мал табылды

Қостанай облысында 35 млн теңгенің малы жоғалып кеткен
Sputnik / Валерий Шустов
2074

Қостанай облысында шопан жылынамын деп, 35 миллион теңгенің малын жоғалтып алған, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

13 желтоқсанда Жангелдин ауданының Көкалат кентінде 51 жастағы малшы жергілікті учаскелік полиция қызметкеріне малының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Ол суықтан тоңып, жылынуға кеткенде малынан айырылып қалған. 

Учаскелік полиция қызметкерлері әріптестерін көмекке шақырып, дереу іздеуге кіріскен. 

"Сол күні ауа-райының қолайсыздығына малды дереу іздедік. Біздің ауданда қасқырлар өте көп. Сол себепті іздеу жұмыстарына кейінге қалдыруға болмайды. Жеті сағатқа созылған іздеуден кейін Ақкөл ауылының маңынан мал табылды. 800 бас ұсақ мал жоғалған жерден шамамен 50 шақырым жерге ығып кеткен", - деді учаскелік инспектор Олжас Әбенов. 

Бір қойдың құны 40-45 мың деп есептесек, шамамен 35 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған болар едім, дейді малшы полицейлерге алғысын айтып.

Серіктес жаңалықтары