Jastar Jalyny жеңімпаздары анықталды

Астананың Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған іс-шараға қаладағы 13 ЖОО-ның студенттері қатысқан болатын.

Jastar Jalyny жеңімпаздары анықталды
Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында 
Jastar Jalyny – 2023 жастар фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Астананың Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған іс-шараға қаладағы 13 ЖОО-ның студенттері қатысқан болатын.

4 желтоқсан күні басталып, 13 жел­тоқ­санға дейін созылған фестиваль ба­ры­­сында жастар 10 номинация бойынша сын­ға түсті. 
Jastar Jalyny – 2023 фестивалі жас­тар­дың шығармашылық әлеуетін ашу, да­рынды жастарды анықтау, дарынды ба­лалар мен ұжымдардың шығар­ма­шы­лық­­­дамуына қолдау көрсету және жағдай жа­сау, рухани және мәдени әлеуетін да­мы­ту, студенттерге эстетикалық және эти­калық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, бел­сенді азаматтық, әлеуметтік жауап­кер­­шілік, патриоттық сезім, адамгершілік құн­дылықтар мен көшбасшылық қасиет­тер­ді арттыру мақсатында өткізіліп ке­ле­ді. 
Астана қаласының 13 университеті қа­тысқан фестивальде жастар эстрада, ұлт­тық би, заманауи би, музыкалық ас­пап­тар, шахмат, поэзия, медиа, театр, су­рет, Qazaq Quiz номинациялары бойын­ша бақ сынасты. 
Jastar Jalyny – 2023 фестивалінің қа­зы­лар алқасы еліміздің ең тәжірибелі ма­­­­мандарынан жасақталды. Бағдар­ла­маны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хо­реографтар мен бейнеографтар баға­ла­ды. 
Фестиваль қорытындысына сәй­кес, «Заманауи би» номинациясы бойын­ша «Turan-Astana» университетінің Tau Rocket би тобы; «Ұлттық би» номи­на­­­­циясы бойынша Қазақ ұлттық хо­реог­рафия академиясының студенттері Са­ке­нова Сания және Струсинская Милана; «Qazaq Quiz» номинациясы бойынша Turan-Astana университетінің Jastar Ortalygy құрамасы; «Шахмат» номинациясы бойынша Astana IT университетінің сту­денті Ғалымжанұлы Ибрагим; «Поэзия» но­минациясы бойынша С.Сейфуллин атын­дағы қазақ агротехникалық зерттеу уни­верситетінің студенті Елдар Сейт­хан­ұлы; «Медиа» номинациясы бойынша Turan-Astana университетінің Jastar Tau ко­мандасы; «Эстрада» номинациясы бойынша А.Құсайынов атындағы Еу­ра­зия гуманитарлық институтының сту­ден­ті Журтекина Медина; «Сурет салу» но­минациясы бойынша Астана Ха­лық­ара­лық университетінің студенті Демина Ан­гелина; «Ұлттық аспаптар» номи­на­ция­сы бойынша С.Сейфуллин атындағы қа­зақ агротехникалық зерттеу уни­вер­си­тетінің «Шабыт» ұлт-аспаптар ансамб­лі; «Театр» номинациясы бойынша С.Сей­­фуллин атындағы Қазақ агротех­ни­ка­лық зерттеу университетінің «Ақжел­кен» театры І орынды жеңіп алып, үздік атан­ды. 
Jastar Jalyny – 2023 жастар шы­ғар­ма­шы­лық фестивалінде командалық жүл­десі Гран-при С.Сейфуллин атындағы қа­зақ агротехникалық зерттеу универ­си­­тетіне табысталды. 
Сайыста жеңімпаз болған жастар қар­­жылай сертификаттармен мара­пат­тал­ды. 
Гран-при – 500 мың теңге.
1 орын – 100 мың теңге (10 дана);
2 орын – 70 мың теңге (10 дана);
3 орын – 50 мың теңге (10 дана);
Jastar Jalyny – 2023 байқауы жастар сая­саты саласындағы басымдықтар мен мін­деттерді іске асыру, қала жастарының шы­ғармашылық дамуына жағдай жасау, сту­дент жастардың рухани-мәдени әлеуе­тін дамыту мақсатында өткізіледі.