Мемлекет басшысы «Metal Former» зауытын аралап көрді

Мемлекет басшысына өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді.

Мемлекет басшысы «Metal Former» зауытын аралап көрді
akorda.kz
951

Президент жабындылар мен қаптама материалдарын шығаратын «Metal Former» ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ішкі нарыққа шығарылатын зауыт өнімі шетелден импортталатын алюминий профильдерді 15 пайызға дейін, ал шатыр жабындылары мен фиброцемент панельдер импортын 40 пайызға дейін алмастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев импорттан келетін құрылыс материалдарын өзіміздің отандық өнімдер алмастыруы керек екеніне назар аударып, мұндай кәсіпорындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Президент зауыт жұмысшыларына табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары