Кімге мандарин жеуге болмайды?

Бір күнде төрт мандариннен артық мөлшерде қолдануға болмайды

Кімге мандарин жеуге болмайды?
klike.net
1746

Мандарин пайдалы дәрумендерге бай жеміс. Десек те, кей адамға ол зиянын да тигізеді. Мандаринді шамадан тыс мөлшерде жеу, әсіресе, қант диабеті мен аллергиясы барларға қауіпті.

gazeta.ru сайтының мәліметінше, дәрігер Сергей Длин асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар мандаринді абайлап жеу керектігін айтты.

Өйткені бұл жеміс қышқылдықты арттырып, ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.

Маманның айтуынша, аталған жемісті аш қарынға жеуге және бір күнде төрт мандариннен артық мөлшерде қолдануға болмайды. Тіпті кішкентай балалардың өзіне күніне бір мандариннен артық жемеу керек екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары