Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 24 жол учаскесі жабылды

5 өңірде дизель отынымен жүретін жүк және жолаушылар көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 24 жол учаскесі жабылды
Фото: gov.kz
777

Қолайсыз ауа райына байланысты бес өңірде республикалық маңызы бар тасжолдардың 9 учаскесінде және облыстық маңызы бар тасжолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұнымен қоса,  5 өңірде дизель отынымен жүретін жүк және жолаушылар көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Құтқару жұмыстары қатты желмен, нөлдік көрінумен және қардың биіктігі 1 метрге дейін қиындайды», - деді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде жол қызметтері жолды қалың қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тараз қаласынан Шымкентке қарай бет алған 570 автокөлік, Қордай асуында 50 бірлік, Благовещенкада 200 көлік жол бойында қалып кеткен.  392 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды. Қар құрсауында қалып кеткен 50-ге жуық автокөлік шығарылды.

Қордай ауданында Қайнар және Кенен ауылдарының жылыту пункттеріне жеткізілген 165 адам құтқарылды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

 

 

Серіктес жаңалықтары